АС МӘЗІРІ 2020-2021 оқу жылы
Мектеп асханасы – мектеп өміріндегі ең қажет факторлардың бірі. Мектеп асханасына ең жақсы мамандар алынады. Өйткені, өсіп келе жатқан өскелең ұрпақтың жетіліп, білім алуға дайын болуы, ең басты дәрумендендірілген тамақ ішуіне байланысты болып келеді. Асхананың тазалығы кіргеннен шыққанға дейін толығымен сақталуы қажет. Асханада – өсіп келе жатқан жас ұрпаққа қажеттінің бәрі сатылады. Ұсынылатын әр тағамның түрі балалардың өсіп жетілуіне көмегін тигізуі керек. Мектеп асханасы жарық, әрі таза, әрі дәмді тамақтармен қамтамасыз етіледі.
Мектепте балалардың ыстық тағаммен тамақтануы олардың денсаулықтарын нығайтуға және оқу қабілетін жақсартуға әсерін тигізеді. Сол себепті, мектеп асханасындағы оқушылар мәзірінде пайдалы әрі құнарлы тағамдар болуы күн сайын қадағаланады. Санитарлық ережелерге сәйкес дайын тағамның сапасын мектебіміздің бракеражды комиссиясы тексереді. Комиссия құрамына әкімшілік өкілдері, мектеп дәрігері, оқушы және ата-ана комитеті бар. Бракеражды комиссияның міндеті білім алушылардың тамақтануын ұйымдастыруды және сапасын қадағалауды тексеру. Сонымен қатар, күнделікті медицина қызметкері тағамдарға және кулинарлық өнімдерге органолептикалық бақылау жүргізеді.
Балалардың дұрыс әрі пайдалы тамақтануын қамтамасыз ету біздің мақсатымыз. Өйткені, олардың болашағы дәл кәзіргі сәттен басталмақ. Асхана тазалығы, тұтынуға ұсынылған тамақтардың нормаға сай болуы, асхана қызметкерлерінің арнайы киімдерде жүруі мектебімізде апта сайын тексеріледі.