«Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып!» атты кәсіби бағыт бағдар  беру  кездесуі

«№19 мектеп-лицейі»  КММ-де 9-11 сыныптарды  Жезқазған, Сәтбаев колледж және жоғары оқу орындарымен бірлескен  кәсіпке бейімдеу   жұмыстарын жүргізуде

"Мамандықтар әлемі сыр шертеді" іс шарасы 

Download
кәсіптік бағдар шахтада.pdf
Adobe Acrobat Document 418.4 KB
Download
Сақтаған Атабаев кездесу.pdf
Adobe Acrobat Document 399.8 KB
Download
Хаттама кәсіби.pdf
Adobe Acrobat Document 602.9 KB

Сәтбаев қаласы

«№19 ЖОББМ» КММ-де 9-11 сыныптарға кәсіби бағыт бағдар беру бойынша өткен «Кәсіп туралы не оқуға болады?» тақырыбындағы кітап көрмесімен таныстырды.

Мектебіміздің кітапханашысы жоғары сынып оқушыларымен мамандықтарға байланысты кітап көрмесін ұйымдастырды.

 

Мақсаты: Мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптасытру, өзін-өзі тану аймағын кеңейту, мамандық әлемінен ақпараттар алу, қазіргі заманның тапшы мамандықтарын көрсетіп сол бағытқа кәсіби бағыт беру.  Мамандық таңдауда Жүсіпбек Аймауытовтың «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ оның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» - деген сөзін басшылыққа алу керектігі жайлы оқушыларға ескертілді. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді.

Сәтбаев қаласы

«№19 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

«Менің құқық мекемесіндегі бір күнім» мектепішілік акция аясында қалалық полиция бөлімінде құқықтық сауаттылықты арттыруға  және кәсіби бағдар беру жайында кездесу өткізілді.

 

Акцияның мақсаты –жастар арасындағы құқықтық санасын көтеру, сондай-ақ түлеп ұшқалы отырған бітіруші түлектерге болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауына  бағыт-бағдар беру.Мектебіміздің жоғары сынып оқушылары  Сәтбаев қаласының  полици бөлімшесінде   ПБ-ның  ЖПҚБ ЮП тобының аға  инспекторы полиция подполковнигі   Г. Ш. Жалмурзиновамен  9-11 сыныптар арасында құқық саласын таңдап  отырған оқушылар    кездесуге барды. Полиция  мекемесін аралап көріп жұмыс ретімен танысты. Полиция подполковнигі Г. Ш. Жалмурзинова оқушыларға құқық қорғау қызметінің қиындығы мен қызығына тоқталып, бұл қызметтің  өте жауапты,  маңызды мамандық екенін, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде еңбектерінің зор екенін  айтты .Оқушылар пікір алысып, көкейкесті сұрақтарын қойып кәсіби бағыт-бағдар алып қайтты.

Қаламыздың жергілікті «Шарайна»  газетіне «Кәсіби бағдар беру- мектептегі тәрбие үдерісінің  бір бағыты»  атты мақаласы жарық көрді.

«Шарайна»  газеті  №10 (2355) 15 наурыз 2019 жыл.

 

www.sharayna.kz

Мектептің былтырғы бітіріп кеткен түлектермен кездесу

"Мамандық таңдау" психологиялық тренинг

Мектеп бітіретін түлектердің мамандармен кездесуі