📝АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!

📒Жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында мектеп формасы туралы мәселе өзектендіріледі.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігі «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрыққа өзгерістер енгізуде, оған сәйкес білім басқармасы облыс бойынша мектеп формасының бірыңғай түсін ұсына алады.

Талдау көрсеткендей, облыста 2017 жылдан бастап мектеп оқушыларының 90%-дан астамы қою көк түсті мектеп формасын киеді. Осыған байланысты білім бөлімдерінің басшыларымен, мектеп директорларымен аппараттық кеңестерде осы түсті мектеп формасына жаппай көшу туралы мәселе бірнеше рет талқыланды. 

🔔Құрметті ата-аналар! Жаңа 2022-2023 оқу жылына жолақтарсыз, торсыз, шотландкасыз қою көк түсті мектеп формасын сатып алуға кеңес береміз. Мектеп формасына орта білім беру ұйымдарының айырым белгілерін (эмблема, жапсырма, шеврон және т. б.) орналастыруға рұқсат етіледі. 

Әрбір ата-ана өндірушіні таңдауда тәуелсіз және мектеп формасын кез-келген нарықта, дүкенде немесе жеткізушілерден сатып алуға құқылы. Бұл ретте мектеп әкімшілігінің жекелеген мектеп формасын шығарушыларды ұсынуларыңа жол берілмейтініне баса назар аударуларыңызды сұраймыз.


📒В преддверии начала нового учебного года актуализируется вопрос о школьной форме.

На сегодняшний день Министерством просвещения Республики Казахстан вносятся изменения в приказ от 14 января 2016 года №26 «Об утверждении Требований к обязательной школьной форме для организаций среднего образования», согласно которому управление образования может рекомендовать единый цвет школьной формы по всей области.

Анализ показывает, что в области с 2017 года более 90% учащихся школ области носят школьную форму темно-синего цвета. В этой связи на аппаратных совещаниях с руководителями отделов образования, директорами школ неоднократно обсуждался вопрос о повсеместном переходе на школьную форму данного цвета. 

🔔Уважаемые родители! Рекомендуем вам к новому 2022-2023 учебному году приобрести школьную форму темно-синего цвета без полосок, клеток, шотландок и т.д. На школьной форме допускается размещение отличительных знаков

Жоғарыдағы пән мұғалімдері қажет етіледі!


15.04.21ж.
Жаратылыстану - ғылыми сауаттылық үштілділік білім беру апталығы 3 В,4 Ә, 4 В сыныптар арасында " Ғарышқа сапар шегу" тақырыбында ашық сабақтар өткізілді.
Сәуір айының 14.04.21ж мектебімізде ,,Өнегелі өмір,, жобасына қатысты "Табысты тұлғаға қойылатын 100сұрақ" атты тағылымды әңгіме тақырыбында 9 сыныптар арасында Еуразия университетінің аға оқытушысы, биология кафедрасының ғылымының кандидаты Нургалиева Зина Жағыпаровна мен кездесу өтті.Кездесу оқушылардың сұрақ қоюы арқылы,сұхбат түрінде өткізілді.Сұхбат барысында Зина Жағыпаровнаға білім жолындағы жетістіктері,өмірлік ұстанымдары туралы сұрақтар қойылды.Бұл іс шараның мақсаты-ұрпақты ұлтжандылыққа,табысты болуға,білім мен парасат иесі болуға және еңбекқорлыққа тәрбиелеу негізделеді.Кездесу оқушылардың көңілінен шығып,белсенділік танытты.
Бастауыш 2 сыныптар арасында "Мен бәрін білгім келеді" зияткерлік ойыны өткізілді.Аталған іс-шара барысында оқушылар топпен бәсекеге түсіп, өз шапшаңдықтары мен білімдерін көрсете білді.2-3 сыныптар арасында тәжірбилер жасау арқылы зерттеу сабақтары өткізілді.
"Біздің айналамыздағы математематика" математика сауаттылығы апталығында Татаева Қ.Е 6-7 сыныптар арасында " Сандар қайдан шыққан" фильм көрсетті.Оқушылар фильмді қызығушылықпен тамашалап, сандардың шығу тарихы туралы мәліметтер алып, өзара пікір алмасты.Математика туралы фильмдер "Пи" ", Х+У" , "Профессордың сүйікті теңдеуі" оқушылардың нақты ғылымдарға деген қызығушылық деңгейін жандандыратын маңызды фильмдер болып табылады.
Сонымен қатар "Өнегелі өмір" жобасы аясында табысқа жеткен қызметкермен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге Республикалық QAZBILIM орталығының ,Ақмола облысы Дарынды балаларға арналған N2 мектеп-интернатының педагог-шебер математика пән мұғалімі Төрехан Руслан Болатұлымен 10-11 сынып оқушыларымен өтті. Кездесу барысында Руслан Болатұлы оқушылармен сұхбаттасып, пайдалы ақпараттармен алмасты.

Қарағанды облысы ОӘО - ның ұйымдастыруымен "Біздің айналамыздағы математика" тақырыбында "19 мектеп- лицейі"КММ-де бастауыш
1-4 сыныптар арасында математикалық сауаттылық апталығының 28 қаңтар 4 күні
"Атаулы сандар мен фигуралар" тақырыбында 1 А, Ә, Б,В,Г сыныптары (сынып мұғалімдері Рахметова Г.Т. Махыжанова Г.Б. Макашева А.К. Абилмажина Г.И. Балгазина Ә.Р.) 2"В" сыныбында (сынып мұғалімі Алтишева Г.),
4 "В" сыныбында (сынып мұғалімі Алжанова Г.Р.) атаулы сандар тізбегі жайлы әңгіме айтылса,
4 "Ә" сыныбында (сынып мұғалімі Абдрахманова М.С.) "Мамандықтағы математика" тақырыбында (offline) (ZOOM) платформасы арқылы әңгіме жүргізді. Мақсаты:
Оқушыларға сандық жүйенің қайдан шыққаны жайлы сандар құпиясын ашуда, әрбір санның атауы күнделікті қолданысымызда болатынын салт- дәстүрімізден анық көруге болатынын, әрбір сан жөнінде ой толғау....
Қарағанды облысы ОӘО- ның ұйымдастыруымен "Қызықты математика" тақырыбында математикалық сауаттылық апталығының 28 қаңтар 4 күн
"19 мектеп- лицейі"КММ-де мектепалды даярлық топтары
0 "А" тобы "Ойында сандар мен геометриялық фигураларды үйренуде дамытушылық мультфильмін тамашаласа (тәрбиеші Оразбаева А.),
0"Ә" тобында (тәрбиеші Байменова А.С.),"Көкөніс дүкені" сюжеттік - рөлдік ойындар ойнатып, 0"Б" тобында (тәрбиеші Әбіласан Г.С), шағын орталық тобында (тәрбиешілер Алжаппарова. А.Д. Балмағанбетова Г.) "Көңілді сандар" тақырыбында балалармен сандарды мүсіндеу
іс шаралары өткізілді. Балалардың математикаға деген қызығушылығын оята отырып, балалар мен ата-аналар арасында тығыз байланыс орнатты.

Қарағанды облысы ОӘО-ның ұйымдастырумен "Біздің айналамыздағы математика" атты тақырыпта
"19 мектеп-лицейі"КММ-де бастауыш 1-4 сыныптар арасында "Мен математикамен доспын","Математика әлемі" тақырыпта (online, offline) түрінде 2"А ",3"А", 3 "Б", 2 Ә, Б, Г, Д сыныптарында сынып мұғалімдері (Туржаубай Н.Ж, Байменова А.С, Қорғанбекова К.С, Куатова Г.Н, Сариева Л.Т, Маханова М.Ж.) (ZOOM платформасы), арқылы,кезекші 1А, Ә, Г, 2 сынып (сынып мұғалімі Ибраева А.Б.)жарыс сабақтары өткізілді. Мақсаты: оқушы алған білімдерін іс жүзінде пайдалана білуге үйрету.
Бала кезінен бастап математикамен шұғылданған адам өзінің ой өрісі мен зеректігін дамытып, мақсатына жету үшін табандылыққа тәрбиелеу, болашақта кез келген мамандыққа қолдана алатындай тұлға қалыптастыру.

«Тәуелсіздік»... Осынау тарихқа тұнған ұлы сөзді естігенде «Мен қазақпын» деген әрбір жанның жүрегінде үлкен сезім орнайды. Себебі, сонау алмағайып кезеңдерде қазақ халқы үшін қымбатқа түскен, ғасырлар бойы ата-бабаларымыздың аңсаған арманы болған осы тәуелсіздік еді. Біз бұл кезеңді көрмесек те, қазақтың таңғажайып тарихын, деректерін оқу арқылы білеміз.
ҚР тәуелсіздігіне 29 жыл толуына орай мектебіміздің 1-11 сыныптарында «Тәуелсіздік-тірегім, Қазақстан-жүрегім!» тақырыбында онлайн тәрбие сағаттары болып өтті. Мақсаты:
- Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата - бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға - апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету.
- Оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту.
- Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесі аясында оқушыларды ұлтжандылыққа, Ұлы дала елін сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елінің тарихын білуге, бай-қуатты ел екендігін мақтан етуге үйрету, туған еліне жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында қашықтықтан дәстүрлі түрде «Мен-патриотпын» қалалық үгіт-насихат топатарының сайысы өтті.Сайыс нәтижесі бойынша «№19 мектеп-лицейі» КММ 1 орын мен марапатталды. Құттықтаймыз!
Еліміздің ұлтжанды,білімге құштар,патриот ұрпақтары көп болып, көк байрағымыз көгімізде желбірей берсін!


Облыстық «Зейін» жобасы аясында және қалалық білім бөлімі жоспарына сәйкес, «№19 мектеп-лицейі» КММ қалалық онлайн семинары болып өтті.Семинар тақырыбы: “Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалану”. Осы семинарда физка пәні мұғалімі Бримжанова Гүлнар Талгатбековна және химия пәні мұғалімі Нурлыбаева Асем Серикбаевна өзінің іс-тәжірибесімен бөлісіп,оқушылардың алған білімдерін өмірде қолдануға толық мүмкіндіктері бар екенін тәжірибе жүзінде көрсетіп өтті.




Желтоқсан айының 4 жұлдызында «Қауіпсіз интернет және экстремизм», «Құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында оқушылармен зум платформасы арқылы түсіндіру жұмысы жүргізілді. «Сәтбаев қаласының дін сұрақтары бойынша ақпарат және кеңес беру орталығы» КММ директорының орынбасары Жагипаров Еркебулан Муратович қауіпсіз интернет және экстремизм тақырыбында оқушыларға ақпарат берді. Интернет желісінде ақпараттарды сақтықпен қолдану , діни сұрақтарды арнайы заңды мекемелерден сұрау қажеттігі жайлы түсіндірді. Оқушылардың сұрақтарына жауап берді.
Мектеп инспекторы Мукашев Мерей Мерекеевич :
-Қоғамдық орындардағы тәртіпті сақтау
- Қала тазалығын сақтау
-Кешкі уақытта ата-ананың қарауынсыз жүрмеу
-Сабаққа уақытылы қатысу қажеттігі жайында айтты.
«Ұлытау Ұлағаты» тарихи-танымдық залының жоспарына сәйкес қараша айында «Ұлт ұясы-Ұлытау» атты Ұлытау туралы өлең шығару байқауы болып өтті.
Мақсаты өңірімізге киелі мекен Ұлытау жайлы оқушылардың білімін арттыру, мәдени шығармашылық қабілеттерін дамыту, Отанын сүюге, тарихын құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу. Ісшараға 9-10-11 сыныптардың өлең сүйер, поэзияға жаны жақын білім алушылар қатысты.
«Ұлытау аймағы аспан астындағы алып мұражай» атағын алған, талай ақындардың қаламына қуат болған ұлы жерге жүрекжарды жыр жолдаған оқушылар талабы қуандырды.
10 А сынып оқушылары Әбдіғапар Жанерке, Сейтова Гүлдариға, 9 Ә сынып оқушысы Аяшова Индира, Ордабаева Жаңыл, 9Б сынып оқушысы Игімуратова Жасмина, 9 А сынып Агияева Жасминдер тарихи мекен Ұлытауға өз жырларынан шашу шашты.
Нәтижесінде 1 орынды 10 А сынып оқушысы Әбдіғапар Жанерке, 2-орынды Сейтова Гүлдариға, 3-орынды 9 Ә сынып Аяшова Индира иеленді. Жас ақындардың талабына нұр жаусын демекпіз!!!
Жауапты
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Ондыбаева А.К.

Бүгін, қараша айының 28 жұлдызында «Өнегелі өмір» жобасы аясында мектебіміздің 5-7 сынып оқушылары Ұлытау ауданы, Алғабас ауылының тумасы, ақын, «Өмір ағыны» кітабының авторы және Сәтбаев қалалық кітапханасының «Жыл оқырманы-2017» номинациясының жеңімпазы Арыстанбеков Түсібия ағамен кездесті.
Кездесу барысында оқушылар Түсібия ағаға өз сұрақтарын қойып, жауап алды. Түсібия аға әр сұраққа өлеңдетіп, тәрбиелік мәнмен жауап берді. Еңбек, ерлік, білім, өлең, кітап жайлы өте құнды ақпараттар берді. Түсібия ағаның оқушыларға үлгі етерлік қасиеттерінің бірі кітапты өте көп оқитындығы.
Кездесу соңында Түсібия аға оқушыларға бата –тілегін айтып қорытындылады. Оқушылар да өз алғыстарын білдірді.
ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯДАН 1 ОРЫН
«Әл-фараби және ғылыми жетістіктер дәуірі» облыстық ғылыми конференциясында мектебіміздің ұстаздары орыс тілі пәні мұғалімі Бекмаганбетова Р.О. және тарих пәні мұғалімі Сембет А.Қ «Әл-Фараби – әлем таныған философ» буктрейлер секциясында «Әл-Фарабидың рухани ғылыми мұралары» тақырыбында өз жұмыстарын таныстырып, жүлделі 1 орын иеленді. Мектебіміздің жетістіктері арта берсін! ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ

“Күз Ханшайымы-2020” байқауы өтті.

Мектебімізде оқушылардың
күзгі демалысын қашықтықтан тиімді өткізу мақсатындағы іс-шаралар өз жалғасын табуда. Бүгін жоспар бойынша мектебіміздің педагог ұйымдастырушысы Құрманбек Индира Мейірханқызының ұйымдастыруымен мектепшілік бастауыш сыныптар арасында “Күз Ханшайымы-2020” байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты:Қашықтықтан өткізіліп жатқан “Күз ханшайымы-2020” атты күзгі сайысына ұйымшылдықпен қатыса отырып,оқушылардың әртістік қабілетін, еркін сөйлеуге, инабатты, іскер, мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыру .Ұқыптылыққа , әсемдікке шымыр да шапшаң ой жүйріктілігіне , талғампаздыққа , таза болуға тәрбиелеу.
Байқау 3 кезеңнен болды:
1 - кезең “ Таныстыру “
2- кезең “Өнерлі-өрге жүзер”
3- кезең “ Әсем біздің. ханшайымдар” (сән үлгісі)
Мектебіміздің сұлу қыздары белсенділік танытып, барлық кездеңдерден сүрінбей өтіп жеңіске жетті .
1 сыныптар арасында
Бас Жүлдені
1”А”сынып оқушысы Жұмабай Айару иеленсе,
1 орынға 1”Г” сынып оқушысы Жалғас Жасмин Манасқызы,
2 орынға 1”Ә” сынып оқушысы Мұхит Жаннұр ие болды.
Ал 2 сыныптар арасында
Бас Жүлдені
2 “Ә” Аманкелді Айзада иеленсе,
1 орынды
2”Г”сынып оқушысы Мұратбек Айханым ,
2 орынды 2 “ В” сынып оқушысы Рустамқызы Азиза,
2 орынды 2 “Б” сынып оқушысы Бимахан Фатима,
3 орынды 2 “Д” Қозы Көрпешова Альфия,
3 орынды 2 “А” сынып оқушысы Ержанқызы Нұрайым аруымыз қанжығасына байлады.
Барлық оқушыларды жүлделі орындарымен құттықтай отырып, алдағы іс-шараларда да жұлдыздары жануына сәттілік тілейміз!
Мектебімізде жоспар бойынша атқарылатын іс -шаралар әлі де өз жалғасын табады.

ҚАШЫҚТЫҚТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС                                      СЕМИНАРЫ

ҚАШЫҚТЫҚТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС СЕМИНАРЫ.

13 қараша 2020ж сағат 9:30да «Оқу процесін цифрландыру – заман талабы» тақырыбында №2 Педагогикалық кеңесі өтті. Аталған іс-шара семинар тренинг түрінде Zoom қосымшасы арқылы ұйымдастырылды. Күн тәртібіне орай оқу ісінің 1 тоқсандағы оқу тәрбие үрдісінің салыстырмалы талдауы. Жиынтық бағалау.Нәтижеге жету бағыты секілді мәселелер қарастырылды. Ақпараттық жөніндегі орынбасарлар А.Қ.Сембет және Э.С.Кушкумбаева мектеп ұстаздарына қашықтықтан оқу процесін ұйымдастыруда Zoom қосымшасындағы мүмкіндіктер жайында ақпарттармен таныстырды. Сонымен қатар мектеп ұстаздарына жағымды психологиялық көмек көрсету мақсатында мұғалімдер сессионный зал арқылы 10 топқа бөлініп, қашықтықтан оқытуда пайда болған қиындықтарымен бөлісіп, оны шешу жолдары жайында бір-біріне кеңес беріп, мазалаған сұрақтарын қойып, кері байланыс орнатты.

" *Ұстаз атын ұлықтайық!"* 

  Биыл қазақтың аса көрнекті педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, алғашқы  ағартушы ұстаз Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл.  Ол қазақ халқының ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырған тұлға. Қаламызда ұстаз есімін дәріптеп, сөзін ту етіп, білім жолында жаңашылдықтан қалыс қалмаған білім ошақтары жетерлік. Солардың қатарында №19 мектеп-лицейі бар. Осы мектепке дала жұлдызының есімі беріліп, ауласына ескерткіш мүсіні орнатылса нұр үстіне нұр болар еді. Мұнда ұлағатты ұстаздың ұрпақ тәрбиелеудегі ісін насихаттау әрі келешек ұрпақ біле жүрсін деген мақсат жатыр. 

Өзім кеншілер шаһарының тұрғыны болғандықтан, бала-шағам осы қалада өсіп-өнгендіктен, қаламыздың, қала берді мәдени-білім ошақтарының, денсаулық сақтау саласының дамуына бей-жай қарай алмаймын. Ел ағасы және халық жанашыры ретінде болашағына ерекше көңіл бөліп, жақсы жаңалықтарды назардан тыс қалдырмаймын. Осы ретте тағы бір ой мазалап, қолыма қалам алдырды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламалық мақаласында туған жерге, елге өлшеусіз еңбек сіңірген дарынды тұлғалардың өмір жолын дәріптеудің маңызы зор екенін атап айтты. Биыл алғашқы ұстаздың есімін ұлықтау мақсатында игі істер атқарылатыны баршаға аян. Тіпті, кейбір өңірлер бұл жұмысты өткен жылы бастап та кетті. Жалпыұлттық республикалық газет «Егемен Қазақстан» өткен жылғы 5 қарашадағы №212 нөмірінде Нұрқанат Құлабайдың «Ыбырай Алтынсарин ескерткіші ашылды» мақаласын жариялады. Журналистке берген сұхбатында  Қостанай облысының әкімі елімізде Ыбырай Алтынсарин атындағы 50-ден астам мектеп бар екендігін айтты. Туған өңірі Қостанай облысының өзінде Арқалық педагогикалық институты, Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі, дарынды балаларға арналған мектеп-интернат, балалар мен жасөспірімдердің облыстық кітапханасы, мемориалдық музей, бір аудан, 5-6 көше  алғашқы ұстаз есімімен аталады. Олай болса, біздің де игі істі қолға алатын уақытымыз келді. Оны не себеп? Қаламызда қазақтың ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырған тұлға есімімен аталатын бірде-бір оқу орны жоқ екен. Көпшілік көкейінде «№19 мектеп-лицейі онсыз да Ыбырай есімімен аталады емес пе?» деген сұрақ туындауы мүмкін. Зерттей келе мына жәйтті анықтадым. Осыдан жиырма жыл бұрын мектепке ұлы тұлғаның есімін беру мәселесі қолға алынып, біраз жұмыс атқарылса керек. Бірақ бастама аяқталмай, орта жолда қалған сыңайлы. Енді сол істі соңына дейін жеткізетін кез келді. Бір ел болып, бір мүдделі іс атқарсақ, жас ұрпаққа көрсеткен өнегеміз болмақ. Енді «Ағартушының есімін басқа мектепке неге бермеске?» деген сұрақ туындауы әбден мүмкін. Бірінші, біз о бастағы идеяны жүзеге асырамыз. Екінші, ұлы ағартушының өмірбаянын, жүріп өткен жолын, қызметін баяндайтын, рухани, тарихи-танымдық мәні зор «Ыбырай Алтынсарин залы» осы оқу орнында ғана бар. Үшінші, білген үстіне біле түссем деген құмарлық пен өз халқыма неғұрлым көбірек пайда келтірсем деген жас Ыбырайдың өмірлік кредосын осы мектептің оқушылары ұстанымына айналдырған. Мінез-құлқы жағынан қарапайымдылығын, еңбексүйгіштігін, көп оқығандығын, өзге халықтардың ғылымын неғұрлым көбірек біле түссем деген арманын,  алған білімін өз халқының пайдасына асыруға талпынған қасиетін  бойына сіңірген осы мектептің қаншама түлегі бүгінде елімізде адал қызмет етуде. Алғашқы ұстаз салған сара жолды абыроймен жалғастырып, жас ұрпақтың заманға сай білім алып, болашақта ел үшін еселі еңбек ететін саналы азамат болып қалыптасуына үлес қосқан педагоктар қауымының Ы.Алтынсарин атындағы білім ошағында қызмет етуі өте орынды деп есептеймін.  

Тұңғыш қазақ педагогы екі түрлі ірі мəселені алдына басты мақсат етіп қойды: біріншісі — мектеп ашу, бала оқыту, жалпы халықты ағарту жұмысы; екіншісі — халықтың ой-санасын жаңалыққа қарай бейімдеу жолындағы тəрбиелік істері. Осы екі мақсатты орындау жолында мейлінше қиын жағдайда жұмыс істеді. Талай бөгеттерге кездесті. Өтірік арыз, «Жаптым жала, жақтым күйенің» неше түріне жолықты. Бірақ ол күрестен қажыған жоқ. Келешекке деген сенімі зор болды. Аңсаған армандарын өзі орындай алмаса да, болашақта жастар орындайды деп білді. Сондықтан көрнекті ақын, жаңашыл жазушы, балалар әдебиетінің атасы  Ыбырай Алтынсариннің аты ешқашан өшпеуі тиіс.  

 

Әбутәлі Еңсебаев, Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы.