«Мәртебелі поэзия!..» педагогикалық жобасының
ӘДІСТЕМЕЛІК ТӨЛҚҰЖАТЫ
№Құрылысы
Жоба мазмұны
1.
Жоба тақырыбы
Жоба мақсаты
«Мәртебелі поэзия!..»
Сабақта және сабақтан тыс уақыттарда 5-11 сынып оқушыларының шығармашылық жұмыстары арқылы ақындық өнерге бейімділігін қалыптастыру.
2.
Жоба арналған
Жоба қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне арналған.
3.
Жоба жетекшісі
Бұланбаев Дәуренбек Дәнекеевич
4.
Жоба қатысушылары
Жобаның белсенді қатысушылары:
- Мұғалім – жобаға қатысушылардың өзара іс-әрекеттерін үйлестіру қызметін атқарады, таңдау курстары бойынша сабақтар, үйірмелер өткізеді, оқушылардың ізденушілік-шығармашылық іс-әрекеттерін ұйымдастырады, оқушы, мұғалім, сынып жетекшілеріне ақыл-кеңес береді, жоба қатысушыларының қызығушылықтарына қарай алдағы іс-әрекеттерін ұйымдастыру;
- Үйренушілер – сабақта және үйірме сабақтарында ізденушілік және шығармашылық іс-әрекеттерге белсене араласады.
5.
Үйренушілердің жас мөлшері
5-11 сынып оқушылары
6.
Жоба үлгісінің ерекшелігі
Сипатына қарай жасалатын өнім – әдеби-шығармашылық;
Қатысушылар санына қарай – топтық, жеке-дара;
Ұзақтығына қарай – ұзақ мерзімді;
Мазмұнына қарай – үйренушілер мен олардың қызығушылықтары;
Білім алу саласына – әдеби;
Үйлестіру сипатына қарай – ашық үйлестіру;
Байланысу деңгейіне қарай – білім беру мекемесі деңгейінде.
7.
Жоба мақсаты
5-11 сынып оқушыларының сабақта және сабақтан тыс уақыттарда шығармашылық жұмыстары арқылы поэзияға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру жұмысының жүйесін құру.
8.
Жоба міндеттері
1. Әдебиет пәнін оқытудың өзіндік әдістемесін жетілдіру, кәсіби бағдар бойынша тереңдете оқыту.
2. 5-11 сыныптарда әдебиет теориясынан тың мәліметтер беру.
3. Оқушылардың шығармашылық жұмыс бағдарламасын жасау, оны таңдау курсының сыныптан тыс іс-әрекетіне енгізу.
5.
Жоба ресурстары
Ақпараттық (ғаламтор желісі, оқу-анықтамалық әдебиеттер).
Материалдық (дербес компьютер, әдеби терминдер сөздігі, мультимедиялық кешен).
Әдістемелік (әдебиет пәні мұғалімі)
Адами (үйренушілер, ата-аналар, педагогтар).
6.
Жобаның күтілетін нәтижесі
1. Педагог қызметінің өнімі:
- Әдебиет сабағының әдістемелік әзірлемелері;
- Таңдау курстары сабақтарының әдістемелік әзірлемелері;
2. Үйренушілер қызметінің өнімдері:
- Жазылған шығармашылық жұмыстар.
3. Басқа қатысушылар қызметінің өнімі:
- 5-11 сынып оқушыларының өлең-өнердің құпиясына бойлай алуы, өлең техникасын меңгеруі.
Қалалық «Мәртебелі поэзия!.. » атты әдеби-шығармашылық жобаны іске асыру бойынша жүргізілетін жұмыстардың жоспары
Жобаға енгізілген мектептер: қазақ мектептері
Мақсаты :5-11сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту, поэзияға деген қызығушылығын дамыту, ұлтжандылыққа шақыру.
Міндеттері:
1. Оқушылардың шығармашылығын дамытуға байланысты тиімді әдіс – тәсілдерді ұйымдастыру
2. Әдеби-теориялық таным деңгейін арттыру
3. Өлең, оның көркемдік ерекшелігін саралай білуге бағыттау
4. Оқушыларға өлең-өнердің қасиетін сезіндіре білу
Күтілетін нәтиже:
- оқушының сөздік қоры артады
- оқушылар үздіксіз ізденеді
- өлең-өнердің тылсымына бойлайды
- сөйлеу мәдениеті қалыптасады
- қазақ ақындарының шығармаларымен жақынырақ танысады
- оқыған шығармалардан тәрбие алады
- поэзияға деген жауапкершілігі артады
- шығармашылықпен жүйелі түрде айналысады
- көркем әдебиет оқуға бейімделеді
-сөз құдіретін тереңірек түсінеді
- оқушылар бір-бірімен шығармашылық байланыста болады.
1.5-11 сынып оқушыларымен жобаны ұйымдастыру жұмыстары
№
Сабақ барысында оқушылармен жүргізілетін жұмыстар
Оқушылар саны
Уақыты
Жауаптылар
1
Мектепішілік мүшәйралар өткізу, дарынды оқушыларды таңдап алу
Әр сыныптан 2-4 оқушы көлемінде
Қыркүйек-қазан айларында
Қазақ мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері
2
Оқушыларға әдебиет теориясынан дәріс оқу, өлең жазуға бағыттау, үнемі қадағалау жасау
Әр сыныптан 2-4 оқушы көлемінде
Қараша-мамыр
Қазақ мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері
3
«Ай ақыны» атты әдеби кеш ұйымдастырып, ай сайын үздік өлең жазған оқушыларға өлеңдерін оқыту, оларды үнемі марапаттап отыру
5-6 оқушы
Қараша-мамыр
Қазақ мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері
4
Үздік өлеңдерді аймақтық баспасөз беттеріне жариялап отыру
5-6 оқушы
Қаңтар-мамыр
Қазақ мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері
2. Cыныптан тыс жұмыстар
№ п/п
Іс-шаралар тақырыбы
Оқушылар саны
Жауаптылар
Қорытынды
1
Оқушылардың мектеп, қала кітапханаларынан жүйелі түрде әдеби кітаптар алып оқуына мүмкіндік жасау
Ерікті түрде
Қазақ мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері
Оқушылардың сөйлеу мәдениетін, тіл байлығын қалыптастыру / әзірлеме/
2
Қалалық «Абай оқулары», «Махамбет оқулары» сайысына дайындық жұмыстары (өз шығармашылығы бойынша)
5-6 оқушы
Қазақ мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері
Қалалық деңгейдегі өтетін іс-шараларға деген оқушы белсенділігін арттыру
3
«Мен ғашық әлем». Жас ақындардың сырласу кешін ұйымдастыру
Ерікті түрде
Қазақ мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері
Оқушылардың «құпиясына» бойлау, тиісті жағдайда дұрыс бағыт беру
4
«Өлең, мен сені аялап өтем...» Қазақ ақындарының шығармаларынан үзінді оқу сайысы
12
Қазақ мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері
Оқушылардың сөйлеу мәнерін, сахна мәдениетін қалыптастыру
5
Қаламыздағы белгілі ақындармен кездесулер ұйымдастыру
Ерікті түрде
Қазақ мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері
Оқушылардың ақындық өнерге деген қызығушылығын арттыру
3. Қалалық, мектепішілік семинарлар
№
Тақырыбы
Уақыты
Жауаптылар
Қорытынды
1
«Өлең-өнердің құпиясы»
желтоқсан
№3 мектеп
Ұсыным
2
«Жас ақынға жол ашқын!» /жалпы қалалық семинар, №1мектеп - гимназияда/
ақпан
№1 мектеп – гимназия, №4 мектеп – лицей , №3, №19, №27 орта мектептер
Ұсыным
3
«Мәртебелі поэзия!..» мүшәйрасы
мамыр
С.Сейфуллин гимн.
Ұсыным
5. Өткізілген іс-шаралар мониторингісі
Өткізілген ісшаралар
№4мектеп-лицей
№1 мектеп –гимназия
№3 орта мектеп
№27 орта мектеп
Ісшараның атауы
Қатысқан оқушы саны
Ісшараның атауы
Қатысқан оқушы саны
Ісшараның атауы
Қатысқан оқушы саны
Ісшараның атауы
Қатысқан оқушы саны
Cыныптан тыс жұмыстар
Қалалық семинарлар
Қорытынды