Сәтбаев қаласы
«№ 19 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
Хабарландыру
Құрметті ата-аналармен оқушылар!!! Сіздердің назарларыңызға: Қысқы демалыстағы жұмыс мақсаты: жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастыруға қолайлы шарттар жасау. Аталған мақсат келесі міндеттерді орындау арқылы жүзеге асты:
1. Қысқы демалыс уақытындағы жасөспірімдермен жұмысқа ата-аналарды қатыстыру.
2. Бос уақытты мазмұнды ұйымдастыру үшін жағдай жасау.
3. Жасөспірімдердің қысқы демалыстағы бос уақытын тиімді ұйымдастыру.
Қойылған мақсаттарды жүзеге асыру шеңберінде сынып жетекшілерімен біріге отырып, қысқы демалыс уақытында ата-аналардың қатыстырылуымен атқарылатын жұмыс жоспары жасалды. Тәрбие жұмысы балалар мен жасөспірімдердің мектепшілік үйірме жұмыстары мен жоспар бойынша құрылған іс – шараларға барынша қатыстырылуына бағытталды.
Сәтбаев қаласы «№ 19 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ Қысқы демалыс кезінде атқарылатын жұмыс жоспары
- Спорттық ойындар: Баскетбол, Воллейбол, футбол, Үстел тенисі, Шахмат, Тоғыз құмалақ
- Үйірме жұмыстары: «Намыс» әскери патриоттық клубының автомат бөлшектеу дайындығы, «Работотехника», «Хореография», «Мен зерттеушімін», «Домбыра», «Вокал», «Биология ағылшын тілінде», «Астрофизика», «Сәнді қолданбалы өнер», «Жас сарбаз»
- «Қауіпсіз демалыс» атты өзін – өзі басқару ұйымының жиналысы 28.12.2018ж сағат 12.00де.
- «Қыс өрнегі», «Қысқы ертегі» 2-3 сыныптар арасында сурет салу байқауы- 04.01.2019 сағат 11.00де
- «The cleverest» ағылшын тілінен 7 сыныптар арасында интелектуалды ойын сайысы - 08.01.2019ж сағат 12.00де
- «Кітап оқу-руханият бастауына апарар жол» - 08.01.2019ж сағат 11.00де
- «Ұлытау ұлағаты, рухани танымдық залы» және мектеп мұражайының іздеу жұмыстары -28.12.2018ж -09.01.2019ж. аралығында
- «Жануарлардың қысқы тіршілігі» бастаушы сынып оқушылары арасында дөңгелек үстел - 08.01.2019ж сағат 11.00де
- «Жас Ұлан» ББЖ ұйымының отырысы - 09.01.2019ж сағат 12.00де
Барлық қатысамын деушілерді жоғарыда көрсетілген іс –шараларға шақырамыз!
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР! УВАЖАЕМЫЕ РОДИТЕЛИ!
«Edu-Mark» - это мобильный дневник системы управления школой «Бiлiмал. Электронды
мектеп».
Получите самый удобный способ доступа к базовой информации электронного дневника:
- расписание уроков;
- темы занятий;
- домашние задания;
- отметки о пропусках занятий;
- Push-уведомления о получении оценок;
- выписки оценок по предметам;
- Push-уведомления о входе/выходе из школы (при наличии в школе турникетов, подключенных к «Бiлiмал. Электронды мектеп»).
Для работы с «Edu-Mark» удостоверьтесь, что Ваша школа подключена к системе «Бiлiмал. Электронды мектеп» и пройдите регистрацию на сайте www.bilimal.kz.
«Бiлiмал» – это еще и электронный наставник для ученика и помощник для
родителя.
Он поможет лучше подготовиться к урокам и проверить знания.
Полный доступ к возможностям «Бiлiмал» возможен на информационно-образовательном портале www.bilimal.kz.
По вопросам использования «Edu-Mark» Вы можете обратиться по следующим каналам связи:
- 8 800 080 37 37 - бесплатная линия Службы поддержки пользователей системы управления школой «Бiлiмал. Электронды мектеп»;
- edumark@bilimal.kz - емэйл Службы поддержки пользователей приложения "Edu-Mark».
Интернеттен bilimal.kz программасына жеке логиндарыңызбен кіру арқылы балаларыңыздың білім деңгейін қадағалап отыруларыңызға болады.
Балаларыңызды интернет желісіндегі қажетсіз ақпараттардан қорғанудың жолдары мен программасын орнату тәсілдері
«Біз балаларымызды қалай қорғаймыз?» тақырыбындағы оn-line режиміндегі облыстық жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы
I бөлім: 12.00-12.15 - on-line режимінде Қарағанды облысы Білім басқармасының басшысы Аймағамбетов Асхат Қанатұлының осы іс – шараның маңызы туралы сөзі.
II бөлім: жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы
Жиналыс модераторы: мектеп директоры
Ата-аналар жиналысын өткізу үшін қолданылатын материалдар: «Қазақстан Республикасындағы нормативтік-құқықтық актілер», «Балаларыңызды ұрмаңыздар» бейне ролигі, «Мульт интернет - тәуелділік», «Интернет тәуелділіктің алдын алу» презентациясы.
Жалпы мектепішілік ата – аналар жиналысының қорытындысы бойынша шешімдер мен ұсыныстар жасалған хаттама жазылады.
«Баланы әуелі мейір - шапағатқа,
Онан соң ақыл - парасатқа, ақырында
Еңбек пен ғылымға баулу керек»
Халық даналығы
Мектеп басшылары: Қайырлы күн, құрметті ата – аналар! Бүгінгі ата-аналар жиналысының тақырыбы «Біз балаларымызды қалай қорғаймыз?»
Күн тәртібімен таныс болыңыздар ( күн тәртібі таныстырылады) ( слайд түрінде)
Күн тәртібі
№ р/с |
Сұрақтың мазмұны |
жауаптылар |
1. |
ҚР нормативтік-құқықтық актілерін түсіндіру: балаларға зорлық зомбылық көрсету және қатал қараудың алдын алу |
Тарих және құқықтану мұғалімі -5 мин |
2. |
«Бейәлеуметтік жүріс-тұрыстың алдын алу» (психологиялық, физиологиялық зорлық, кемсітушілік, сексуалды сипаттағы қысымшылық, кибербуллинг және дискриминация, тұрмыстық зорлық-зомбылық) тақырыбында лекторий |
Педагог-психолог 10-15 мин |
3. |
Интернет желісін пайдалануда балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Ата – аналар бақылауы» |
информатика пәнінің мұғалімі- 10 мин |
4 |
Интернетке тәуелділікті болдырмау. Ата – аналар жиналысының тақырыбы бойынша ақпараттық жадынамалар мен бүкпе қағаздарды тарату |
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары- 10 мин |
Бірінші сұрақ бойынша құқық және мемлекет негіздері пәнінің мұғаліміне сөз беріледі (ТАӘ)
Көптеген адамдар өздерінің құқықтары мен міндеттерін білеміз деп ойлайды. Алайда балалардың құқығына қатысты көптеген сұрақтарға ата – аналар көбінесе жауап беруде қиналады.
ЮНИСЕФ-тің көрсеткіштері бойынша планетамыздың 275млн. баласы зорлық-зомбылықтың, әсіресе отбасындағы қысымшылықтың құрбаны. Әлеуметтанушылар Қазақстанда әрбір бесінші бала отбасылық зорлық-зомбылыққа ұшырайтынын мәлімдейді.
Отбасындағы және балаға деген зорлық зомбылық пен қатал қарау, олардың көзқарастары мен қызығушылықтарын ескермеу немесе жоққа шығару қоғамда кең таралып кеткендіктен, отбасының сәтсіздігі маңызды мәселелердің біріне айналып отыр.
Бұл ата-аналардың да, балалардың бала құқықтары туралы білімдерді алудың қажеттілігін көрсетеді. Балалардың жағдайының жақсы болуы халықаралық қауымдастықтардың үнемі қызығушылығын тудырып, назарынан тыс қалмайтын мәселе.
Қазақстан Республикасының заңнамасына назар аударайық:
Қазақстан Республикасының Конституциясы
II бөлім, 27-бап, 2-тармақ
- Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың етене құқығы әрі міндеті.
17-бап , 2-тармақ
– Ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды.
Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы (ерлі-зайыптылық)» Заңы 2011 жылғы 26-желтоқсан № 518-IV (19.05.2015ж. дейін толықтырулар мен түзетулер енгізілген)
10-тарау, 67-бап ата – аналар балаларына қатаң қарап, қысымшылық жасағаны үшін ата – аналық құқығынан айырылуға дейін жазаланады ;
Баланың құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылған кезде, оның iшiнде ата-аналар немесе басқа да заңды өкілдер баланы күтіп-бағу, тәрбиелеу, оған бiлiм беру жөнiндегi мiндеттерiн орындамаған кезде немесе тиiсінше орындамаған кезде не ата-ана (қорғаншылық, қамқоршылық) құқықтарын терiс пайдаланған кезде бала - қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға, ал он төрт жасқа толғанда сотқа өз құқықтарын қорғау үшiн өз бетiнше жүгінуге құқылы.
11- тарау, 70-бап . Ата-аналардың баланы тәрбиелеу және оған білім беру жөніндегі құқықтары мен міндеттері
1. Ата-аналар өз баласының денсаулығына қамқорлық жасауға мiндеттi.
2. Ата-аналардың өз баласын тәрбиелеуге құқығы бар және осыған міндетті. Ата-аналардың барлық өзге адамдар алдында баласын тәрбиелеуге басым құқығы бар.
Бала тәрбиелеушi ата-аналар оның дене бітімі, психикалық, адамгершілік жағынан және рухани дамуына қажеттi өмiр сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін жауаптылықта болады.
3.
Ата-аналар баласының
міндетті орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті.
Ата-аналардың бала жалпы орта білім алғанға дейін оның пікірін ескере отырып, білім беру ұйымын және баланың оқу нысанын таңдауға
құқығы бар.
4. Баланың тәрбиесі мен білім алуына қатысты барлық мәселелерді баланың мүдделерін негізге алып және оның пікірін ескере отырып, өзара келісу арқылы ата-аналар шешеді. Ата-аналардың арасында келіспеушіліктер болған кезде, бұл келіспеушіліктерді шешу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға немесе сотқа жүгінуге құқылы.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі 214 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ
12-тарау. Кәмелетке толмағандардың құқығына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар
127-бап. Ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы
1. Себепсіз ата-аналарына немесе адамдардың қамқорлығынсыз орындалмай қалған, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу мен білім беру орындағы міндеттері - ескерту жасауға немесе жетi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады .
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген iс-әрекеттер кәмелетке толмағандарға алкогольді сусындарды, есірткі құралдары мен психотроптық заттарды жүйелі пайдаланса, сондай-ақ қылмыс немесе қасақана жасалған, әкiмшiлiк құқық бұзушылық белгiлерi бар iс-әрекеттер жасауды туындатса, оларды алмастыратын ата-аналарына жиырма айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
128-бап. Кәмелетке толмаған адамды әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауға тарту
Кәмелетке толмаған адамды әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауға тарту – бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
131-бап. Кәмелетке толмаған адамды масаң күйге дейiн жеткiзу
Кәмелетке толмаған адамды масаң күйге дейiн жеткiзу – жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексі
49-бабы баланың дене және психикалық денсаулығына, оның моральдық дамуына зиян келтіргені, сондай-ақ бала тәрбиелеудегі қатал, қатыгез, адамның ар-ұжданына нұқсан келтіруші, жәбірлеуші немесе қанаушы, сонымен бірге денеге зақым келтіруші тәрбиелік әдістерді қолданғаны үшін ата-аналар мен өкілдерінің жауапкершілігін көздейді.
Екінші сұрақ бойынша мектептің педагог-психологі (АӘЖ) сөз беріледі. «Балаларды ұрмандар!» бейнеролигі көрсетіледі 5 минут.
Педагог-психологтің сөзі: Құрметті ата-аналар! Бүгін сіздермен балалардың бейәлеуметтік мінез-құлқы жайында әңгімелесеміз.
Бейәлеуметтік жүріс-тұрыс психологияда қоғамда қабылданған құқықтық немесе адамгершілік нормаларға қарсы жүріс-тұрыстар жүйесін немесе жекелеген мінез-құлықты қамтитын ауытқушы жүріс-тұрыстар ретінде қарастырылады.
Балаларда бейәлеуметтік жүріс-тұрыстар туындауының ешқандай арнайы себептерін іздеудің қажеті жоқ. Олар біздің, яғни ересектердің күнделікті өмірлеріндегі мыңдаған ірілі-ұсақты үлгілерінде, мысалдарында. Баланың жүріс-тұрысына көңілі толмаудың себептерін ересектер өздерінен, балаға көрсететін үлгі - өздерінің қылық-әрекеттерінен іздегені жөн.
Балалар ересектерден үлгі алады және әрқашан да солай болған. Олар өмірге аяқ баса келе талғмастан барлығын өзіне қолдана жүріп дами бастайды.
Олар әлі «жақсы» мен «жаманды» айыра алмайды. Баланың алдымен «қиын», содан кейін бейәлеуметтік топтарға бөлінуінің себептері өте көп. Психологтардың (Колесов Д.Б., Каменский Н.Л., Титаренко Т.Н., Яковенко С.И.) айтуынша девиантты жүріс-тұрыс жасөспірімдік кезеңде айқын көрінуі мүмкін, бірақ оның алғышарттары бастауыш сынып кезеңінде байқалуы мүмкін және оның бірнеше түрлері мен себептерін бөліп көрсетеді:
Кіші мектеп жасындағы оқушы авторитарлы ересектер таңып берген нормалар мен ережелерге құлшынысты түрде бағынатын болады. Егер балаға толық бостандық беретін болса, ол бақылаусыздық пен қараусыздықты сезініп, бұдан ересектердің өзіне деген немқұрайдылығын, сүйіспеншілігі мен назар аударудың жоқтығын байқайды. Әсіресе бала ата-анасының жұмыстан қолы тимеуіне байланысты оны ұзақ уақытқа қараусыз қалдырғанда, оның жетістіктері мен мінез-құлқы, талап-тілектерін назардан тыс қалдыруды аса қатты уайымдайды.
Қараусыздықтың ерекше түрлері үйден қашу, сабақты босату, үйден тыс жерде мақсатсыз уақыт өткізу. Мұндай жағдайлар орын алмауы үшін кіші мектеп жасында жүріс-тұрыстағы ауытқушылықтардың алдын алу қажет.
1. Ата-аналар өздеріне көңіл аударғаны жөн: адамдармен қарым-қатынаста балалардың көзінше немесе балаларға қаншалықты жалған сөйлейді.
2. Балалармен қарым-қатынаста толығымен сенімділік орнату керек. Сондықтан ата-аналар баланың өмірінде болып жатқан өзгерістерден хабардар болуы тиіс. Ата-аналардың өзі жалған сөйлейтін болса, уәдесінде тұрмайтын болса; тәрбиелеуде қатал жазалар қолданатын болса: міншіл, әділетсіз және күмәншіл болатын болса сенімділік жоғалады.
Бала тіпті анық өтірік айтып тұрған болса да ата-анасы оған деген сенімін жоғалтпауы тиіс. Ата-ана балаға өтірік пен алдау бұлардың арасындағы сенімділікке әсер ететіндігін, алайда бір реттік жағдайды кешіруге болатындығын түсіндіруі керек. Егер өтірік айту қайталанатын болса, сенімділікті жоғалтудан баланың өзі зиян шегетінін толық ұғынуы тиіс.
Балаларға зорлық-зомбылық көрсетудің төрт негізгі формалары бар:
Физикалық зорлық-зомбылық – әдейі физикалық зақым келтіру.
Сексуалды зорлық-зомбылық – баланы оның келісімімен немесе келісімінсіз ереектердің қанағаттану немесе пайда көру мақсатында сексуалды әрекеттерге тартуы.
Психикалық (эмоционалды) зорлық-зомбылық. Зорлық-зомбылықтың психикалық түріне: қауіп-қатер, қорқыту; жәбірлеу; айқайлау; масқаралау, адамдық ар-ұжданын кемсіту; баланы алдау, жалғандық; жасына сәйкес емес талаптар қою; жалғыздыққа мәжбүрлеу, баладан бас тарту; кемшіліктерін баса көрсете отырып жағымсыз бағалау; ата-аналық махаббат, қамқорлық мен қауіпсіздіктен айыру; балалардың көзінше ата-аналарына зиян келтіру.
Баланың қажеттіліктерін елемеу – бұл балаға қарапайым қамқорлық жасамау, нәтижесінде оның эмоционалды жағдайы бұзылады және оның денсаулығы мен дамуына қауіп төнеді. Баланың қарапайым қажеттіліктерін ескермеу дегеніміз: балаға медициналық көмек көрсетілмеу;тиісті назар аударылмауы, қамқорлық, қорғаныстың болмауы (қараусыздық); баланың жасы мен қажеттіліктеріне адекватты (сәйкес) тамақтану, киім, баспана, білім, медициналық көмектің көрсетілмеуі, баланы қараусыз қалдыру.
«Балалар көбінесе теледидардан және интернеттен көргендерінің барлығын шындық деп қабылдайды. Жастық ерекшеліктерге, медиасауаттылық саласында өмірлік тәжірибелері мен білімдерінің болмауына байланысты олар жарнамалық және басқа да ақпараттарды ұсынудағы манипулятивті техникаларды үнемі танып-біле бермейді, ақпараттың сенімділігі мен оның қайнар көзінің түпнұсқадан екендігін талдай алмайды. Біз балаларымыздың ақпараттық өнімдерге сын тұрғысынан талдау жасай білетін өз елінің толыққанды азаматтары болғанын қалаймыз. Олар интернет желілерінен қандай қауіп келетінін және одан сақтану жолдарын білулері тиіс». Балаларға интернеттен төнетін виртуалды қауіп-қатерлер күнделікті өмірімізде балаларымызды қорғауға тырысатын көзге көрініп тұратын қауіп-қатерлерге қарағанда анағұрлым зиянды, әрі залалы көп.
Баланы Интернетте қараусыз қалдыру – оны үлкен қалада жалғыз қалдырумен бірдей. Балалық қызығушылық немесе байқаусызда қызықты сілтемені басып қалу арқылы қауіпті сайттарға оп-оңай алып кетеді. Ата-аналар! Өз балаңызға интернетті өзін-өзі тану және қоғамда сәтті өмір сүру үшін қажетті ақпарат көзі ретінде пайдалануды үйретіңіз!
Балалар үшін интернетте қандай қауіптер жасырынған:
Порнография, зорлық-зомбылықты насихаттау, экстремизм, агрессия, кибербуллинг, киднеппинг. Өкінішке орай, бұлар Интернетте өте көп. Әлеуметтік желілер, форумдар, чаттар – бұлардың барлығы бала психикасына орны толмас зиян тигізетін осыларға ұқсас ақпараттарды миына құяды.
Сіздің балаңыз интернетте кімдермен қарым-қатынас жасайтынын біліп отырыңыз, өз балаңыздың байланыс жасайтын адамдарының тізімін тексеріп, олардың әрқайсысын жеке танитындығына көз жеткізуіңіз қажет;
Жеке бас туралы ақпараттарды (телефон нөмірі, үйдің мекен-жайы, мектептің атау/нөмірі және т.б.) интернетте жарияламау керектігін, интернеттегі таныстарға өз фотосуреттерін жібермеуді балаңызға түсіндіргеніңіз жөн;
Егер бала жасы өзінен үлкен адамдармен қарым-қатынас жасайтын болса, ол туралы әңгімелесу қажет;
Өз балаңызға онлайн-таныстармен сіздің рұқсатыңызсыз немесе ересектердің бақылауынсыз кездесуге тыйым салыңыз. Егер бала жаңа интернет-танысымен кездескісі келетін болса, бұл кездесуге онымен бірге баруға көндіруіңіз қажет;
Балаңыздың қайда және кімдермен барып жүргенін сұрастырып отырыңыз;
Балаңызды Желіні пайдаланудағы басты ережелермен таныстырыңыз:
Виртуалды таныстармен жеке ақпараттарды бөлісуге болмайды, олармен тек ата-анасының бақылауында ғана кездесуге болады.
Егер интернеттегі қарым-қатынас жағымсыз болатын болса – мұндай қарым-қатынасты үзген дұрыс және қайта жаңғыртпау керек.
Кибербуллингті болдырмаудың жолдары
Кибербуллинг – қорлау, агрессия, қорқыту мағынасындағы хабарламалармен ізіне түсу; бұзақылық; әр түрлі интернет-сервистердің көмегімен әлеуметтік қарсылық білдіру.
Кибербуллингтің алдын алу:
Интернет арқылы қарым-қатынас жасауда балаларыңыз басқа пайдаланушылармен достық көзқараста болу керектігін, ешқандай жағдайда дөрекі сөздер жазбауды ескертуіңіз керек – жағымсыз сөздерді оқумен бірге, есту де жағымсыз;
Балаларыңызды басқа пайдаланушылардың жәбірлеуші сөздері мен қылықтарына дұрыс жауап беруді үйретіңіз. Агрессормен сөйлесудің, оған дәл сондай жауапты қайтарудың мүлде қажеті жоқ. Егер мәселені бейбіт жолмен шешу мүмкін болмаса, онда ол ресурстан мүлде бас тартып, ондағы барлық ақпараттарды өшірген жөн болар;
Егер бала буллинг құрбанына айналса, оған бұл жағдайдан шығуға көмектесіңіз – барлық форумдар мен сайттарда жәбірлеушіге шек қоюға, сайттың модераторы немесе әкімшісіне шағымдануға, парақшаны өшіруді талап етуге болады;
Балаларға Желіні бұзақылық жасау үшін, өсек-аяң мен қауіп-қатерді тарату үшін пайдалануға болмайтынын түсіндіріңіз;
Өз балаңыздың интернетте не істейтінін, сонымен бірге интернет желісін қолданудан кейінгі көңіл-күйін бақылауға тырысыңыз.
Жасөспірімдермен қарым-қатынас бойынша ата-аналарға арналған ұсыныстар Тиісінше, ата-аналар тарапынан алдын алу шарттары мынадай болуы мүмкін: 1) Шынайылық және сыйластық. Балаларға өзінің ата-анасы тарапынан шынайылық пен олардың сезімдері және тұлғасын сыйлауы маңызды. Сондықтан оған ересек адам сияқты сеніммен, құрметпен қарай отырып, сонымен қатар баланың өз әрекеттері үшін жауапкершілікті толық сезінуін қамтамасыз ету керек. Өз қылық-әрекеттері үшін жауапкершілікті мойнына артуда қаталдық пен қателіктерін кешіру және қарым-қатынастағы мейірімділік аса маңызды.
2) Бала әлеміне қызығушылық.
3) Өз сезімдері туралы
айту. 4) Біріккен демалыс – қызықты оқиғалар отбасындағы байланыстарды нығайтудың жолдары бола алады (алайда бұл уақытты мәжбүрлі түрдегі демалысқа айналдырмау үшін жасөспірімді еркіне жіберіп, қызықты да жағымды демалыс жасау қажет). 5) «Қосарланған стандарттардан» бас тарту. Егер ата-аналары өзіне рұқсат еткен нәрселерді баласына тыйым салатын болса – онда бұл жағдайды жасөспірім міндетті түрде екі есе әділетсіздік немесе дискриминация деп қабылдайтын болады. Мысалы, қолында шылымы бар анасы қызына «қызым, шылым шегуге болмайды, бұл зиян» деп айтатын болса, - бұл қосарланған стандарт «маған болады, саған- болмайды» деген әділетсіздік және оны бала дұрыс қабылдамайды. Шынайы өмірде бәрі керісінше болып шығады, яғни жасөспірім «анасы сияқты болуы үшін» немесе «ересек болуы үшін» ол «шылым шекпе» деген кеңестен көрі шылым шегуді тезірек үйренуге тырысады. 6) Жасөспірімге кез келген ерік сезімдеріне бой алдыруға және эмоциялы болуға құқық беру. Жасөспірім жетілу кезеңінде жас ағза өте күшті гармондық өзгерістерге ұшырайды, яғни, эмоционалдылық көңіл-күй басым болады. Кейде адамда не үшін тез ашуланатынын, не үшін мұңайып немесе қуанатынын түсіне бермейтін кездер болады. Бұл пубертаттық жетілу кезеңіндегі үйреншікті, қалыпты жағдай. Егер өзіңізді сол кезеңге қайта қойып, көз алдыңызға өзіңізді елестетсеңіз, «балаңыздың» жағдайын жақсы түсінетініңіз кәміл. Сонымен бірге осы кезеңде бала кезіңіздегі кейбір реніштеріңіз бен уайымдарыңыз есіңізге түсуі мүмкін. Осығын байланысты жасөспірім кейде агрессияға ұшырап, «жоқ жерден пайда болған мәселе» ретінде ата-анасына ренішін жасыра алмауы мүмкін. Шындығында мұның бәрі бала кезіндегі «ескі жаралар», өкпе-реніштер. Бұл жағдайда ата-анаға не істеу керек? Өз балаңызға сізге немесе басқа да адамдарға қатысты кез келген эмоцияны басынан кешіруге , сезіну құқығына мүмкіндік беріңіз.Әрдайым балаңызды жақсы көріңіз, реті дұрыс болса, әділ жазалай біліңіз, қолыңыздан келгенше қолдау көрсетіңіз.
Ерте ме, кеш пе, бұл сезімдердің де бастан өтетін кездері
болады, ал балаңызбен жылы қарым-қатынас мәңгілікке қалады. Сондықтан да, құрметті ата-аналар, сіздерге бала тәрбиелеуде жігер мен күш, төзім мен қайрат тілейміз! Үнемі балаңыздың жақсы және күшті қасиеттерін көре біліп, әрдайым ол туралы айтып отырыңыз.Мысалы: «Сенің химиядан жетістіктеріңмен,қазір сен ғылыми лабораторияда жұмыс істей аласың», «Сенің қолыңнан келеді» немесе «Сен бала кезіңнен ағаштарға жақсы өрмелейсің, сондықтан жақсы альпинист болар едің» деген сияқты сөздерді балаңыздың санасына құя беріңіз. Ең бастысы,осы сөздер нақты шын көңілмен айтылса,болғаны. Бұл үшін өзіңіз кәміл сенетін балаңыздың жақсы қасиеттерін дер кезінде байқап,көре біліңіз. 8) «Бәрі де өтеді, бұл да өтеді».
Барлық құбылыстар, оқиғалар өткінші екені есіңізде болсын.
Немесе осы кезең балаңыздың өмірінің басқа да кезеңдері сияқты байқалмай өтіп кететіндін ұмытпаңыз. Бұл уақытта «бұлай емес» дей бергеннен гөрі, керісінше жасөспірім
балаңызды жиірек қолдап, ата-аналық махаббатыңызды аямаңыз.Есіңізде болсын,ата-ананың баласын қолдауы,сенуі және сенім артуы кез келген адам үшін өте маңызды, әсіресе
жасөспірім үшін үлкен күш. Жай ғана «Ол жерде сені қызықтыратындай не бар?»-деп, сұрауға болады. Шындығында эмоционалды көңіл-күйде жасөспірім не істеу керектігін өзі де айтып береді, «басқа жерлерде неге жоғалып кететінін», «үйде оған не жетіспейтінін» де сізге ашық айтуы мүмкін. Ал бұл сіз үшін ең маңызды ақпарат болуға тиісті. Өйткені осыдан кейін сіз балаңызбен қалай қарым –қатынас жасайтыныңыз және өз іс-әретіңіз туралы ойланып,шешім қабылдауға міндеттісіз.
10) «Бақытты ата-ананың балалары да бақытты!» Назар аударыңыз! Балаға қатал түрде қарсы шығып, тыйым салу немесе талап ету өте қауіпті!
Егер адамда үйде психологиялық жағымды
климат, тыныштық пен жылу болса, махаббат пен түсінуді басқа жерден іздеудің қажеттілігі жоқ. |
|
Үшінші сұрақ бойынша информатика пәні мұғалімі сөйлейді.
Ата-аналарды балаларының ұялы телефонмен уақыттарын бос өткізетіндігі және қаншалықты телефонмен ойнайтындығы әрқашанда мазалайды. Жасөспірім жетілу кезеңінде балалар өзінің тәуелсіз мінезін жиі көрсете бастайды. Мұны біз баламыздың достарымен қыдыратын уақытының көбірек болатынынан байқаймыз, балаларымыз ескерткен ескертулерімізді кейде жүре тыңдайды, кешігіп келулері жиірек бола бастайды. Кейде жасөспірімдер осы кезеңде өзінің ойларымен, қиындықтарымен ата-анасымен бөлісе бермей, өзімен – өзі болатын кездер де жиі байқалады. Сондықтан да,әсіресе, осы жасөспірім жетілу кезеңінде ата-аналық бақылауды күшейткен жөн. Бұл кезеңдегі жасөспірімдердің психикасы жан-жағынан болатын түрлі ықпалдарға бейімделгіш болады. Ал ол ықпалдар үнемі жақсы жағынан бола бермейді. Ата-аналарға баланы қоршаған ортаға, баланың бейімдеріне, қызығып айналысатын істеріне үнемі көңіл аударып отыруы қажет. «Ата-аналық бақылау» қызмет көрсету желісі осы мақсатты көздейді. Қазіргі кезде Андройд телефондарында көптеген бағдарламалар ұсынылады. Сондай бағдарламалардың бірі MobileFence жүйесі. Бұл бағдарлама ата-аналарға қажет емес сайттарға блок қою жолдарын үйретеді, баласының телефонды қанша уақыт қолданғанын және қай жерде болғандығын көрсетеді.
Негізгі функциялары
Қолдану уақытын және қандай қызмет көрсеткенін білдіретін есеп.
Интернетте қаралған қосымшалар тізімі, оны қолдану уақыты, қоңыраулар саны, хабарламалар саны, онлайн режимінде қандай сайттарды ашқандығы көрініп тұрады. Ата-аналар құралды қолдану ережесін нақтылау үшін осы есептерді пайдалана алады.
Қосымшаларды блокқа қою / Ойнау уақытын шектеу
Егер балаңыздың күні бойы интернетте ойнайтындығына мазалансаңыз, күндізгі ойын уақыты лимитін қойып қойыңыз. Сонымен сіз балаңызға басқа пайдалы заттармен айналысу мүмкіндігін бересіз. Осылай қажетсіз қосымшалар мен ойындарға қосылу мүмкіндігіне толықтай тыйым саласыз.
Сайтқа блок қою ( қауіпсіз интернет)
Балаңыздың интернет желісінде қауіпсіз болуына көмектесу үшін сіз зиянды (үлкен адамдарға арналған немесе құмар ойындар сайты) сайттарға кіруге тыйым сала аласыз.
MobileFence жүйесі күніне бірнеше мыңдаған сайттарға сараптама жасап жүйелейді және жалпы базаға қосады.
Қолдану уақытын жоспарлау
Балаңыздың интернетте түрлі ойындар ойнап, отырып алуын тежеу үшін алдын-ала апта бойында интернетті пайдаланатын мезгілін анықтап алыңыз.
Сонымен бірге сіз ойындарға да , басқа да өзіңіз қажет деп санамайтын функцияларға да блок қойып және кез келген пайдалану уақытын шектеп қоя аласыз.
Геоограда
Алдын ала белгіленген аймақтан балаңыз шыққан уақытта, яғни, мектептен, секциядан ,т.с.с. шыққан кезде немесе кірген кезінде автоматты түрде сіз балаңыздың шыққандығы немесе кіргендігі туралы хабарлама алу арқылы балаңыздың қауіпсіз екендігін біліп отырасыз.
Үш жай қадамды орындаңыз:
1. MobileFence қосымшасын балаңыздың ұялы телефонына орнатып беріңіз.
2. Ата-ана ретінде тіркеліп, жүйеге кіріңіз.
3. Балаңыздың құралын MobileFence жүйесіне біріктіріңіз.
Дайын! Енді сіз Ата-ана режимінде балаңыз үшін құралмен жұмыс істеу режимі мен параметрлерін қоя аласыз.
Төртінші сұрақ бойынша директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары
Ата-аналарға арналған «Интернет тәуелділігінен қалай құтылу керек?» ұсыныстарымен сөйлейді.
(«Мульт интернет-тәуелділік» бейнеоролигі, «Интернет тәуелділіктің алдын алу» презентациясы ұсынылады).
Жиналыс тақырыбы бойынша ақпараттық жадынамаларды, бүкпе қағаздарды тарату.
Модератордың қорытынды сөзі.
ГЛОССАРИЙ
Медиасауаттылық – ақпараттық сауаттылық, оқушылар мен педагогтар арасында алынған интернет желісінен ақпараттарды, ақпараттық және коммуникативтік технологияларды сауатты қолдана білу дағдыларыларына қалыптастыру, ақпараттық сауаттылыққа тәрбиелеу.
Медиабілім беру -азаматтық қоғамды дамытудың тиімді жолдарын жетілдіруде, бұқаралық ақпарат құралдарының зиянды әсерінен балаларды қорғауда маңызды роль атқаратын, балалар мен жасөспірімдердің медиаорта мен медиамәдениетке саналы түрде қатысуын қалыптастыратын құрал.
Балалардың ақпараттық қауіпсіздігі (медиақауіпсіздік)- бұл балалардың қорғалу жағдайы, яғни, қауіптіліктің болмауы (интернет жүйесінен келетін денсаулыққа, психикаға, физикалық және рухани зиянын тигізетін кез келген ақпараттан келетін зияндылық)
Интернет-тәуелділік – (химиялық емес тәуелділіктің бір түрі) адамдардың интернетті шектен тыс пайдалану тәуелділігі мұқтаждығы, айқын психологиялық белгілері бар және әлеуметтік бейімделмеушілікке ұшырау дағдысы. Бұл тәуелділікте адамның қалыпты өмір сүру салтының бұзылуы, өмірлік дағдылардың өзгеріске ұшырап, ауысуы, депрессияның пайда болуы, әлеуметтік оқшауланудың өсуі белгілері байқалады.
Гэмблинг (игромания) – құмар ойындар ойнауға патологиялық бейім болу. Құмар ойындарға жиі - жиі қатысу әлеуметтік, кәсіби,материалдық және отбасылық құндылықтардың төмендеуіне әкеліп соқтырады.
Балаларды виктимизациялау – бір адам немесе бірнеше адамдармен қасақана балаға зорлық , күн көрсетпеу, қорлау қарым-қатынастарына дағдыландыратын, басқа адамдардың жанына тиюге, психологиялық, физикалық әсер етуге үйрететін құбылыс. Нәтижесінде бала зорлық құрбанына айналады.
Киберқылмыс – түрлері: алаяқтық іс-әрекеттер ,авторлық құқықтарды бұзу немесе ұрлау, балалар порнографиясын тарату, педофильдік пен балалар сатуды насихаттау.
Киднеппинг (англ. kidnap «ұрлап әкету») — жасырын немесе ашық түрде балаларды қасақана адам құқығына қарсы қорлау арқылы күштеп, алдап көндіру,адамның еркінен тыс алып кетіп, басқа жерлерде қамап ұстау әрекеттері. Көп жағдайда ұрлап алған адамның жақын, туған туыстарынан ақша өндіріп алу ниетімен осы адамдарды басқа қылмыс жасауға итермелеу мақсатында жасалатын қылмыстық әрекеттер.
Кибербуллинг – электронды пошта , жедел хабарламалар сервисі, чаттарда, веб-сайттарда, сонымен бірге ұялы телефондар арқылы психологиялық зиян тигізу мақсатында сөздер жазу.
Кибербуллинг түрлері:
Ізіне түсу (киберпреследование) – тонау, ұру, зорлау мақсатында құрбанның артынан жасырын түрде аңду.
Хеппислеппинг (HappySlapping – счастливое хлопанье, радостное избиение) – нақты зорлау көріністері бар бейнеороликтер.
Кибервандализм – әлеуметтік жүйедегі бұзақылық.
Суицид, өзін-өзі өлтіру, (от лат. suicaedere — убивать себя) –мақсатты түрде өз еркімен өз өмірін қию.
Буллицид –өзге адамды психологиялық қысым көрсету жолы арқылы өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу.
Троян – адамдармен таратылатын зиянды бағдарлама. Вирустар мен құрттардан айырмашылығы өз-өзімен таралады.
Фишинг – интернет-алаяқтығының түрі. Мақсаты - пайдаланушылардың құпия деректерін, логиндары мен парольдарын бұзып кіру.Әдетте белгілі брендтер атынан немесе түрлі сервистер ,жүйелер (Facebook, Вконтакте, Одноклассники.ru) ішіндегі жеке хабарламалар арқылы, банктер атынан (Ситибанк, Альфа-банк), Rambler, Mail.ru сервистері атынан жеке тұлғаларға жаппай электронды хабарламалар жіберу жолы арқылы іске асылады.Бұл хаттарда сайттарға тікелей сілтеме көрсетіледі, ол сілтемелердің сыртқы түрі жағынан нағыз сілтемелерден айырмашылығы болмайды. Пайдаланушы жасанды бетке кірген соң , алаяқтар әр-түрлі психологиялық тәсілдер арқылы қолданушының аккаунттары мен банктік шоттарының кілтін тауып, жеке қаражаттарын ұрлайды.