Желтоқсан айында- Елбасы алға тартқан міндет жергілікті жерлердегі құзырлы органдармен қоғамдық ұйымдар жұмысының темірқазығына айналып отыр. Елімізде жемқорлықпен және ұйымдасқан қылмыстықпен күресті күшейту шараларына орай «Сыбайлас жемқорлық және сыбайлас жемқорлықтың салдары» Ар-ұят,абырой,жауапкершілік,адалдық,әділдік сияқты адамгершілік және құқықтық мәдениетке баулу атты тәрбие сағаты жүргізілді .
Жемқорлықпен күрес арнайы дайындалған мемлекеттік бағдарлама негізінде жүзеге асырылуда.Сыбайлас жемқорлықты болдырмау мен алдын алудың ең алғашқы нүктесі жастарды бала кезінен тәрбиелеу болып табылады.
Мектебімізде желтоқсан айының 10-ші күнінде ZOOM платформасы арқылы мектеп инспекторы Мукашов Мерей Мерекеевич пен мектебіміздің
«Сыбайлас жемқорлық – қоғамның және мемлекеттің мемлекеттік қызметшіге артқан сенімін кетіру» пікірін қалай түсінесіз?
Сыбайлас жемқорлықсыз мемлекет қандай болады? деген сұрақтар қойылып, пікірталас практикумы жоғары деңгейде өтіп, оқушылар
берілген тапсырмаларды өте жақсы орындады.
Амангелді Нұрзада мен Ғалымова Сәнім оқушылар арасында ерекше сөз сайысына шықты. Өз ойларын нақты дәлелдермен жеткізе білді.Нәтижесінде 1 топ скипері Амангелді Нұрзада 1 орынға ие болса ,2 топ спикері Ғалымова Сәнім 2 орынға ие болды.Пікір талас өте жоғарғы деңдейде әрі қызықты өтті.
Қараша айында- «Қоғамдық тәртіп негіздері.» 11 сынып оқушылар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мәдениетін қалыптастыру бойынша«ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІП НЕГІЗДЕРІ» пікірталас өткізілді. Пікірталас барысында оқушылар өз ойларын ортаға сала білді. Қатысқан оқушыларға тапсырмалар берілді. «Құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік»ұғымының мағынасын ашу. «Тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік» мәдениетін құрудың маңыздылығы неде?
Қазан айында- « Біздің таңдауымыз-құқықтық мемлекет» тақырыбында ZOOM платформасы арқылы 8-11 сыныптар арасында сынып сағаттары жүргізілді. Тәрбие сағатына 90 ға жуық оқушы қатысты.
Мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру.Ата-заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті тұлғаны қалыптастыру.Оқушыларды өз міндеттерімен мен құқықтарын білуге үйрету өзіндік шешімқабылдай алу әрекеттерін дамыту. Тәрбие сағатында оқушылар белсенділік танытып топ топпен бөлініп жарысты және сұрақтар қойып өздеріне керекті мәліметтер ала алды.
Сәтбаев қаласы «№ 19 мектеп-лицейі» КММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасыты қалыптастыру мақсатында «Адал ұрпақ» еріктілер клубында іс-шаралар жоспары бекітіліп, жұмыстар жасалды. Клуб мүшелері мектебіміздің 10-11-сынып оқушыларынан құрылған.
Қыркүйек айының басында «Адал ұрпақ» еріктілер клубына арналған жылдық жоспар бекітілді. Жоспарға сай клуб мүшелері тағайындалды. . Іс-шаралар жоспар бойынша өз деңгейінде өтуде.
Қыркүйек айында- «Адалдық » бұрышы мектептің кіреберіс дәлізіне орналасқан . Бұрыштың мақсаты: жас ұрпақты Отансүйгіштіккке, азаматтылыққа, адамның құқықтарына, бостандықтарына және міндеттеріне құрметпен қарауға , адамгершілік сезімдер мен этикалық сананы, еңбекүйгіштікке, оқуға, еңбекке, өмірге жасампаздықпен қарауға, адалдыққа тәрбиелеу. Жоспарға сай 5-8 сыныптар арасында «Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-қауіпті көрініс» атты тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру. Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес (стандарт)