Ағымдағы жылдың 24 сәуір күні №19 мектеп-лицейінде қала әкімі А.А. Ыдырысов, қала әкімінің орынбасары А.Қ.Толендина, қалалық білім бөлімінің басшысы Б.Б.Акишбековтың қатысуымен энерготиімділік жобаның ашылуы болды. Жоба жетекшісі Дарья Мирошниченко таныстырылым жасау арқылы мақсатын, жүзеге асыру жолдарын атап айтты. Білім беру ұйымдарында (№4 мектеп-лицейі, №5 ЖОББМ, №9 ЖОББМ, №27 ЖОББМ.) 1800-ден астам энерготиімді шамдар орнатылып, соның ішінде оқу кабинеттерін қосқанда 70-тен аса ғимарат энерготиімді жарықпен қамтамасыз етілді.
«Мектеп ғимараттарында энергияны үнемдеу» тақырыбында көрмелер ұйымдастырылып, ата-аналардан сауалнама алынды. Энерготиімді шамдардың нәтижесінде мұғалімдер мен оқушыларға арналған оқу кабинеттерінің жарығы екі есе артты. Бұл жобаның ең басты пайдасы-энергия көзінің үнемділігі, болашақта диодтты шамды жою кезінде қоршаған ортаның ластануын тудырмау болып табылады.
Әке мен ана!.. Бұл үш әріпті сөзде қаншама құдірет бар десеңізші?! Әке, ана деген сөз – мейірімділік, ержүректілік, әдептілік деген ұғымдармен мағыналас. Әке мен ананың бала дүние есігін ашқаннан бастап, оның өсіп дамуына тигізетін әсері аса маңызды екені баршамызға мәлім.
Осы кездесуге келген ата- аналар қаншама шаруларын тастап, бас тартпай келуі балаларының бақыты маңызды екенін көрсетті. Іс-шара барысында «Бәріміз бірге - бір ұжым» атты тренинг жүргізілді. Бұл тренингте барлығы ортаға шығып, алдарында тұрған ұзын жіптерден ұстап, бір ауыздан, бір ұжым болып, бір отбасы болып, ортада тұрған 1 стакан суды төгіп алмай көтерді. Келген ата-аналарға қызғылт, көк, сары және күлгін түсті эмблемаланға ленталар тағылып, сол түске сәйкес топтарға бөлініп отырғызылды. Ата- аналар назарына бейне баяндар көрсетілді. Бейне баян көрсетіліп боған соң әр топтан бір – бір ата- ана шығып өз ойларын, осы бейне баянан қандай әсер алғанын және қорытынды сөз шығарды.Әрбір топқа отбасындағы әр түрлі жағдаяттарға байланысты суреттер таратылып, әр топ өз пікірлерін ортаға салды. Осы суретті талқылау барысында ата- аналар өзідігінше ой түйіп, қай жерде қателік жібергендері туралы ҚАУЛЫ қабылдайды!.. Алдарына берілген ақ қағазға өз қаулыларын жазып, тақтаға ілінді. Іс – шара барасында ата –аналармен «Тыйым» ойыны ойнатылды. Бұл ойында ортаға бір ата- ана шығарылып, ата- аналар балаларына қандай тыйым салатындарын айтып, ортада тұрған ата- ананың мысалы дауыс көтеріп сөйлеме тыйымы салынса ортада тұрған ата- ананың аузы байланады, қатты жүгірме тыйымы салынса аяғы байланды және т.с.с.
Ата- аналардың құрметіне ән шырқалып, жиын соңында шағын фуршет, естелікке суретке түсірілді. Ән шашу барысында ата- аналарға естелікке шағын сыйлықтар таратылды.
Марапаттауға ие болған әкелер
Рухани жаңғыру – адам баласының оның ішкі әлемінің жаңаруы, сана-сезімі, жаңа өзгерісті қабылдай білуі. Рухани жаңғыруда өркениеттің өрге жүзуімен байланыстырамыз. Тарих сахнасына көз жүгіртсек, өскен ұлттың өрби түсуіне осы «рухани жаңғыру дәлел». Көне замандағы көрікті қалаларымыз, сән салтанатты таласқан озық ескерткіштеріміз, мәдени мұраларымыз бұртартпас айғақ болып табылады.